420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Министрлік 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды

  • 195
  • UPD: 12:56, 16.09.2020
Министрлік 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды

Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен аталған ЖОО-лар «Педагогикалық ғылымдар», «Өнер», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техника ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік ғылымдар» бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лар нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілген.

Хабар 24 телеарнасы