422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл мемлекеттік қызметшілердің – 10%, келер жылы 15% қысқарады

  • 513
  • UPD: 15:46, 18.09.2020
Биыл мемлекеттік қызметшілердің – 10%, келер жылы 15% қысқарады

Президенттің мемлекеттік қызметшілерді 25 процентке қысқарту туралы тапсырмасы орындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың айтуынша, алдымен 8 мыңға жуық бос жұмыс орны қысқарады. Мыңнан астам қызметкер зейнетке шығады. Және жыл сайын 5-6 мың адам өз қалауымен басқа салаға ауысады екен. Осының есебінен нақты жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің орнын сақтап қалуға тырысамыз дейді. Сондай-ақ механикалық қысқартудан бұрын оңтайландыруға күш салынбақ. Яғни мемлекеттік органдардың функциялары қайта қаралады. Министрліктердегі жауапты хатшылардың міндеті аппарат басшыларына жүктеледі.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында әлеуметтік осал топқа жататындар қысқартылмайды. Олардың қатарына жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған баласы бар ата-ана, жалғызбасты аналар, сондай-ақ зейнет жасына 2 жыл қалған азаматтар кіреді.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

– Әрбір мемлекеттік органның басшысы өзі шешеді. Қандай мемқызметкер өз жұмысының тиімділігін көрсетті. Ең тиімді қызметшілер басты критерий болып табылады. Мемлекеттік органдар еңбек органдарымен бірлесе отырып, егер ол қысқартуға түскен болса, жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы