428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтуде

  • 581
  • UPD: 20:31, 20.09.2020

2012 жылы бекітілген атаулы күн жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісіне келеді.

Бүгін елімізде Аналар күні аталып өтуде. 2012 жылы бекітілген атаулы күн жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісіне келеді. Айта кетерлігі, аналарды ұлықтауға арналған мереке әлемнің әр елінде түрлі уақытта тойланады. Мәселен, АҚШ, Дания, Германия, Италия, Түркия, Жапония мен Бразилияда аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтеді. Қазақстанда Аналар күні Елбасының бастамасымен қыркүйек айына бекітілді. Себебі күздің алғашқы айы молшылықтың мезгілі саналады.

Аналар күніне орай «Хабар» Агенттігі әлеуметтік желіде арнайы челлендж жариялады. Агенттік төрағасы Ерлан Бекхожин осы бастаманы қолдап, анасына деген ыстық ықыласын білдірді.

Атаулы күнге арналған челледжге барша қазақстандық қосыла алады. Ол үшін аналарыңызды құттықтап жатқан видеоны жүктеп, #анаday, #аналаркүні хэштегімен белгілеу керек.

Айта кетерлігі, үздік жазбалар @khabartv парақшасында жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы