429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бес өңірінде құс тұмауы тіркелді

  • 296
  • UPD: 17:52, 21.09.2020
Қазақстанның бес өңірінде құс тұмауы тіркелді

Еліміздің 47 елді мекенінде үй құстарының жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында шамамен 13 мың және Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында 41 мың бас шығыны тіркелді. Алайда құс тұмауы ресми түрде тек екі облыста анықталды. Олар – Ақмола және Солтүстік Қазақстан өңірлері. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева хабарлады. Оның айтуынша, құс тұмауы Солтүстік Қазақстанның 23 елді мекенінде анықталған. Ол жақтан өнім жеткізуге уақытша тыйым салынды. Ақмола облысының Жарқайың ауданында да шектеулер енгізілді. Қарағанды облысының Нұра ауданында 43 үй құсының өлімі бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қауіптің алдын алу үшін және құс тұмауымен күресу мақсатында республикалық қордан миллионнан астам екпе дозасы бөлінді.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Бұл жағдай дала құстарының өлімінен басталды. Қазіргі уақытта олар солтүстіктен оңтүстікке қарай көш алды. Жұқпалы ауру ортақ су қоймалары арқылы тарады. Зертханалық зерттеулер бізге осыны анықтап берді.

Ақмола облысындағы тағы үш ауданда құс тұмауының белгілері анықталды

СҚО: құс тұмауы адамдарға жұғуы мүмкін бе

Қазақстан аумағына құс тұмауының қайдан келгені белгілі болды

Павлодар облысында құс тұмауы таралған ауылдар карантинге жабылмақ

Хабар 24 телеарнасы