428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жылқының қырылуы расталды

  • 506
  • UPD: 15:12, 01.10.2020

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жылқылар қырылды. 4 ауылды жайлаған қандай дерт? 

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

- Жаңақорған ауданындағы жылқылар паразитарлық аурудан өлген. Ветеринар мамандар гастрофилез диагнозын қойды. Бұл індет аса қауіпті жұқпалы аурулар түріне жатпайды. Сондықтан гастрофилезден қырылған малдың егесіне мемлекет тарапынан өтемақы төленбейді деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов брифинг барысында. Негізінен бұл індетке жайылымда жүрген жылқылар шалдыққан. Өйткені биыл өңірде жауын-шашын аз, әрі күн ыстық болуы салдарынан сона жәндігі көбейген екен. Ал гастрофилез алдымен малдың ас қорыту ағзаларын зақымдап, кейін миға шабады екен. Әбден асқынған кезде емдеу мүмкін емес дейді мамандар. Сондықтан аурудың алдын алу үшін мал үстін тазалап, ыстық күндері көбіне кешкі салқынмен жайылымға шығару қажет екен. Әзірге бұл ауру шалдыққан Жаңақорған ауданының 4 ауылынан 96 бас мал өлген. Ал 63-ін емдеп, жазған.

Хабар 24 телеарнасы