429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

  • 181
  • UPD: 17:30, 02.10.2020
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады Ақорда

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде қорғаныс министрінің есебін тыңдады. 

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-көлік авиациясы мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы