429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы карантиндік талаптар күшейтіледі

  • 519
  • UPD: 17:42, 03.10.2020
6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы карантиндік талаптар күшейтіледі фото: fotolia.com

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда кіруге жіберілмейді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелден әуе рейстерімен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады

Хабар 24 телеарнасы