428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

  • 223
  • UPD: 13:17, 06.10.2020
Президенттің баспасөз хатшысы Қырғызстандағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қырғызстанда болып жатқан жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

«Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды. Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды», - деп жазды Facebook парақшасында.

Айта кетсек, Қырғызстанда ереуілшілер Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алды.

Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Хабар 24 телеарнасы