428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстандағы қазақстандық компания жұмысшылары эвакуацияланды

  • 258
  • UPD: 12:50, 09.10.2020

Қырғыз еліндегі қазақстандық компания тығырыққа тірелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыптасқан жағдайға байланысты KAZ Minerals 500-ге жуық қызметкерін эвакуациялауға мәжбүр болды. Барлығы да - Бозымчак кен орнында жұмыс істейтін жергілікті азаматтар. Қазір тау-кен байыту кешенінде қауіпсіздікке жауапты санаулы адам ғана қалған. Компанияның менеджері Ермек Дюзкенев бізбен телефон арқылы байланысып, кәсіпорындағы жағдай қазір бірқалыпты екенін жеткізді.

Айта кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанды сол жақта жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған еді.

Хабар 24 телеарнасы