432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы 100 мың отбасына әлеуметтік төлем ұйымдастыруды тапсырды

  • 410
  • UPD: 21:31, 12.10.2020

Nur Otan партиясының Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа праймериздің ұйымдастырылуы туралы мәліметтер баяндалды. Партия төрағасының бірінші орынбасарының ақпаратына сәйкес, партиялықтардың 84,2%-і дауыс беруге қатысты. Оның 88%-і онлайн форматта.

Тіркелген 10073 үміткердің 36%-і – әйелдер, 29%-і – 35 жасқа дейінгі жастар. Партияішілік іріктеу қорытындысы бойынша 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Олардың дені тұрғын үй қатынастары және ТКШ, инфрақұрылым және көлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты.

Кездесу барысында Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік осал отбасына 50 мың теңгеден қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды пысықтауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы