427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қараша-желтоқсан айларында коронавирусты қайта жұқтыру қаупі бар – А.Цой

  • 261
  • UPD: 11:20, 14.10.2020
Қараша-желтоқсан айларында коронавирусты қайта жұқтыру қаупі бар – А.Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға коронавирусты қайта жұқтыру қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Зерттеулер бойынша коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған адамдардың ағзасында антиденелер 1 ай ғана сақталады, ал коронавирустың орташа немесе ауыр түрімен ауырғандарда антиденелер 3-5 ай сақталады.

Қазақстанда коронавирус маусым-шілде айларында өршісе, 3-5 ай деп есептегенде, қараша-желтоқсан айларында коронавируспен ауырғандардың өзінің ағзасында антиденелер күшін жояды. Сондықтан қайтадан ауыру қаупі бар», - деді министр ОКҚ брифингінде.  

Қазіргі уақытта елімізде коронавирусты қайтадан жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы