432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Семейге барды

  • 186
  • UPD: 10:21, 15.10.2020
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Семейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

«Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады.

Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі», - деп жазды Б.Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

Хабар 24 телеарнасы