425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын

  • 284
  • UPD: 14:57, 27.10.2020
Қ.Тоқаев: Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін айтты.

«Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет.

Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын», – деп жазды өзінің twitter-дегі парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы