425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде білім алып жүрген қазақстандық студенттер оқу орындарына жете алмай жүр

  • 228
  • UPD: 14:22, 29.10.2020
Ресейде білім алып жүрген қазақстандық студенттер оқу орындарына жете алмай жүр

Ресейде білім алып жүрген қазақстандық студенттер әлі күнге дейін оқу орындарына жете алмай жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел арасында әуе қатынасы қалпына келді. Алайда екі астана арасында аптасына тек 2 рейс қатынайды. Бұл барлық студенттерді жеткізу үшін жеткіліксіз болып тұр. Мәскеудегі елшілігіміздің мәліметінше, 65 мыңдай адам Ресейге баруы тиіс. Дипломаттар қазақстандық студенттер үшін Ресейдің бірқатар қалаларына қосымша чартерлер ұйымдастыруға рұқсат беруді ұсынды. Алайда бұл жөнінде шешім екі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады.

Жанар Колбачаева, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі:

- Барлық шешім жедел штабтың құзыретінде. Егер бүгінгі ахуалға келетін болсақ, Ресей Федерациясында қазақстандық студенттер ғана емес, Ресейде тұрып жатқан студенттердің өзі қашықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын. Өйткені Мәскеуде және Ресейде жағдай ушығып отыр. Сол себепті Жедел штаб осы барлық мәселелерді пысықтай отырып, шешім шығару мәселесіне келгенде асығар емес.

Хабар 24 телеарнасы