423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырамын

  • 274
  • UPD: 15:28, 30.10.2020
Қ.Тоқаев: Қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырамын

Президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында: «Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын», – деп жазды.

«Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», – деп ескертті Мемлекет басшысы.

 

Хабар 24 телеарнасы