423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы ақылы автотұрақтардың ақшасы тұрғындарға қайтарылмайды

  • 221
  • UPD: 18:52, 07.11.2020
Елордадағы ақылы автотұрақтардың ақшасы тұрғындарға қайтарылмайды

Бұл туралы мердігер компания өкілдері мәлімдеді.

Олардың айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жасалған келісімді бұзуға ешқандай ескерту немесе шағым түспеген. Компания өз міндеттерін толық орындап келеді. Жоба жеке қаржы есебінен жүзе асырылып жатыр. Сондықтан кәсіпкерлер әкімдікті келісімдегі барлық міндетін толық орындауға және ақылы авторұрақты пайдалануға беру туралы актіні қабылдауға шақырды.

Айта кетейік елордада ақылы тұрақтар 2018 жылдың қаңтарынан бері жұмыс істеп тұр. Жоспар бойынша олардың саны 5 мың орынға дейін ұлғаюы керек еді. Алайда бірер күн бұрын қала әкімдігі жоспар өзгергенін, егер сот шешім шығарса, ақылы автотұрақтарды қайта алып тастауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы