424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңай алынатын онлайн кредиттің қандай қиындығы шығуы мүмкін?

  • 257
  • UPD: 10:49, 10.11.2020
Оңай алынатын онлайн кредиттің қандай қиындығы шығуы мүмкін?

Онлайн қарыз алу оңай. Кез келген адам үйде отырып несие рәсімдей алады. Сұратылған қаражат қысқа уақытта есеп-шотқа түседі.

«Адамдардың микроқаржылық ұйымдарға жүгінуінің басты себебі осы» дейді мамандар. Бұдан бөлек сарапшылар халықтың қаржылай және заңдық сауаттылығының төмендігін атап өтті. Көп жағдайда қарыз алушы келісім-шартқа мұқият қарамайды. Негізгі мәселелерге мән бермейді. Салдарынан еселенген борышын төлей алмай түрлі ұйымдардың табалдырығын тоздырады. Нарықта мұндай қарыздар көлемі қысқарған жоқ. Қазірдің өзінде микроқаржылық ұйымдарда берілген қарыздар үлесі 375 млрд теңгеге жуықтады. Микроқаржылық ұйымдарға заң шеңберінде белгіленген шекті жылдық тиімді мөлшерлеме 56%. Қарыздар енді осындай шартпен қайтарылады. 

Онлайн несие беретін ұйымдардың жұмысы заңмен реттеліп келеді. Бірақ қаржыдан тарығып, жалдам несие алушылар саны азаймай тұр. Осы тұста мамандар онлайн несие рәсімдегенде  неге мән беру керектігін айтты. Біріншіден, қаржылық ұйымды мұқият таңдау керек. Екіншіден, келісім-шартты жақсылап оқыған жөн. Оның ішінде екі жақтың жауапкершілігі, келісім-шарттың мәні, проценттік мөлшерлеменің көлемі қандай екенін қараған абзал. Ал шартта «Қосымша қызмет» деген бөлім болса, басқа қаржылық ұйымды іздеуге кеңес береді. Заңгерлердің айтуынша, қарыз алушыға мұндай шарт қажет емес. Ол тек микроқаржылық ұйымның сыйақысын арттырады. Сондай-ақ құжаттағы даулы мәселелерді шешу ретін анықтап алу керек. Әсіресе төлемдерді кешіктірген жағдайда айыппұл көлемі қандай болатыны маңызды. Заң жүзінде тұрақсыздық айыппұлы қарыз көлемінің 10%-тен аспауы тиіс. 

Елімізде қорғаныш құралдары арзандады. Енді медициналық бетперделерді қолжетімді бағаға алуға болады. Тауар өндірушілер оны нарыққа орта есеппен 21 теңгеге жібереді. Ал дәріханалардағы баға 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеген деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі. Дегенмен, дәріханаларда бетперделердің бағасы бірдей емес.

Толығырақ «Нарықтағы баға» айдарында. 

Қостанайда медициналық бетперде 26 теңге. Ақтөбеде аталмыш тауар 30 теңгеден сатылады. Қарағанды дәріханаларында қорғаныш құралы 30 теңге. Шымкентте медицицналық бетпердені 40 теңгеден сатып алуға болады. Ал Петропавлда бұл тауар құны 45 теңге. Нұр-Сұлтан дәріханаларында бетперде 60 теңге тұрады. Ал Өскеменде оның бағасы 85 теңге.

Хабар 24 телеарнасы