425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Bank RBK: Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты

  • 161
  • UPD: 22:40, 16.11.2020

Алматыда экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн форматта өткен сот отырысында Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий банкирді 11 жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкімді оқыды. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірінен 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған қаржыгермен бірге сотта 36 адамның ісі қаралды. Олардың арасында банктің бұрынғы топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлері де бар. Айта кетейік, бұған дейін Жомарт Ертаев кінәсін толық мойындап, өзінің іс-әрекетіне өкінетінін мәлімдеген еді.

Роман Селицкий, Алмалы аудандық сотының судьясы:

– Қылмыстық кодекстің 218 және 28-баптары бойынша Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ оған жазасын өтеп болған соң 10 жыл бойы банк пен қаржы саласында жұмыс істеуге тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы