425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды

  • 103
  • UPD: 14:11, 21.11.2020

Санаулы сағаттар бұрын елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды.

Оқиға түскі 12-лер шамасында тіркелді. Дәмхана шаһардың сол  жағалауындағы тұрғын үйлер жанында орналасқан. Қазіргі сәтте нысандағы өрт сөндірілді. Оқиғадан адамдардың зардап шеккен-шекпегені белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша дәмханадағы газ баллоны жарылған. Оқыс оқиғаның мән-жайын алдағы жаңалықтарда хабарлаймыз. Қазір оқиға орнына тілшілеріміз аттанды.  

Хабар 24 телеарнасы