423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елбасы «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының отырысын өткізді

  • 370
  • UPD: 23:45, 24.11.2020

Ертең болатын «Nur Otan» съезіне партия атынан 126 кандидаттан тұратын тізім ұсынылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Елбасы «өткен бес жылдың ішінде партия өзінің сайлауалды уәделерінің басым бөлігін жүзеге асырды» деді.

Пандемия кезеңіне және онымен байланысты әлемдік экономиканың 4,4%-ке құлдырауына қарамастан, тиімді жұмыс пен Ұлттық қор қаржысының арқасында жағдайдың нашарлауына жол берілген жоқ. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта партия жұмысын қайта жандандыру бойынша жүйелі жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Жиын барысында Елбасы праймеризге қатысушылардың және жеңімпаздардың сапалық құрамына жеке тоқталды. Қатысушылардың үштен бір бөлігі, партиялық тізімге енгендердің әрбір бесіншісі – жастар. Ал партиялық тізімнің 30%-і – әйелдер.

Хабар 24 телеарнасы