420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

  • 377
  • UPD: 09:40, 25.11.2020
Елордадағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

Елордада өткен сенбіде болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан марқұмның жағдайы өте ауыр еді. 24 жасар ер адам үйінді астынан табылған болатын. Ауыр бас-сүйек жарақатын алған науқасты дәрігерлер ақыры аман алып қала алмапты.

Еске салайық, өткен аптада Шұбар ауданындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды. Қайғылы жағдай бір әйелдің өмірін қиған еді. Зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылып, 11-і үйіне қайтарылған болатын. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Сондай-ақ:

Жарылыстан қаза тапқан марқұмның отбасына көмек көрсетілді

Дәмханадағы жарылыс: ТЖД оқиғаның мән-жайын айтты

Дәмханадағы жарылыс себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылды

Елордадағы жарылыс: 19 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы