433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық жиын өтті

  • 502
  • UPD: 23:16, 26.11.2020

Отандық және халықаралық сарапшылар, қоғам қайраткерлері Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін жоғары бағалайды.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» атты халықаралық жиында айтылды. «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен басқосуға қоғам қайраткерлері қатысты.

Бүркіт Аяған, тарих ғылымдарының докторы:

– Енді біз қазақ әйтеуір тоймайтын халық қой. «Ой, бізде анау жоқ, мынау жоқ» деген сөзді көп айта береміз. Бірақ экономика бұл принциппен шешілмейді. Осының бәрі Елбасы мен оның саясатының арқасында деп айту керек. Қазір әлеуметтік жүйеде артық сөйлеу, ылғи біреуді жамандау деген нәрселер көбейіп кетті. Сондықтан біз осы арада экономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан – тәуір елдердің бірі.

Хабар 24 телеарнасы