Мемлекет басшысы Қарақат Башанованы байқауда жүлделі орын алуымен құттықтады
- 261
- UPD: 16:49, 30.11.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарақат Башанованы Junior Eurovision байқауында жүлделі орын алуымен құттықтады.
Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Қарақат Башанованы «Балалар Евровидениесі – 2020» байқауында керемет өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол осы беделді халықаралық сайыста Қазақстанның абыройын асырып, жүлделі 2-орынды иеленді. Оның өнері әлемнің әр түкпіріндегі миллиондаған көрерменге ұнады. Қарақатқа жаңа шығармашылық табыс тілеймін!», деді Мемлекет басшысы.