419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтай Көлгінов: Елордада сауда үйлері тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

  • 215
  • UPD: 17:35, 09.12.2020

Елордада мереке күндері қарсаңында сауда үйлері тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін.

Қала әкімі Алтай Көлгінов осылай деді. Қала басшылығы алдағы мереке күндері қарсаңында сауда орталықтарына тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. Қазір бұл мәселе бас санитарлық дәрігермен және кәсіп иелерімен келісіліп жатыр. Әзірге нақты бір тоқтамға келмеген. Одан бөлек Алтай Көлгінов қаланы жақын уақытта жауып тастау жоспарда жоқ екенін жеткізді. Бірақ санитарлық талаптар сақталмаса, карантиндік шаралар күшейеді деп ескертті.        

Хабар 24 телеарнасы