418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

  • 398
  • UPD: 08:47, 16.12.2020

Бүгін Тәуелсіздік күні. Ата-баба аңсаған асқақ арманның орындалғанына биыл 29 жыл толды.

Тарих тұрғысынан алғанда бұл қас қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ осы аралықта егемен ел ретінде атқарылған істер аз емес.

Еліміз бірқатар халықаралық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы барын көрсетті. Қазір әлем Қазақстанды бейбітшіл әрі бітімгер ел ретінде таниды. Зайырлы мемлекеттің ең басты қазынасы қашан да адам өмірі және оның құқықтық бостандығы болып қала бермек. Жылда аЙтулы күн тағылымды іс-шаралармен айшықталатын. Алайда індетке байланысты биыл оған тоқтау салынды. Дегенмен, бұл азаттықтың қадірін сезініп, оның маңызын түсінуге кедергі емес.

Хабар 24 телеарнасы