421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

  • 217
  • UPD: 11:24, 21.12.2020
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. 

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», - деді А.Мамин.

ҚР премьер-министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы