429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасы мақұлданды

  • 452
  • UPD: 14:00, 23.12.2020
Мәжілісте өлім жазасының күшін жоюға бағытталған заң жобасы мақұлданды фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары өлім жазасының күшін жоюға бағытталған ратификациялық заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап өтейік, бізде бұл жазаға 2003 жылы Елбасының Жарлығымен мораторий жарияланған. Ал, оған балама жаза ретінде аса ауыр қылмыс жасағандар өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан халықаралық құқық қорғау актілеріне қосылды. Осы мәселе бойынша бүгін Мәжілісте баяндама жасаған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хаттаманың халықаралық мәнге ие екенін айтты. Ал, былтырғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші факультативті хаттамаға қосылу рәсімін бастауды тапсырған. Осыған сәйкес өткен қыркүйекте Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров екінші факультативті хаттамаға қол қойды. Енді сол құжатты бүгін төменгі палата өкілдері мақұлдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы