418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға қатысты заң қабылданды

  • 1776
  • UPD: 15:16, 23.12.2020
Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға қатысты заң қабылданды

Ел азаматтарына зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді бүгін Мәжіліс депутаттары мақұлдап, заң қабылданды. Енді құжатқа Президент қол қойған соң 700 мың шақты азаматымыз қордағы ақшасының бір бөлігін ала алады. Оның 500 мыңы жұмыс істейтін тұлға болса, 180 мыңдайы зейнет жасындағы адамдар.

Атап өтейік, қордағы қаржы адамның жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көлемде беріледі.

Хабар 24 телеарнасы