420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БЖЗҚ қаржы үлескерлік құрылысқа беріле ме?

  • 427
  • UPD: 13:55, 24.12.2020

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шекті сомадан асқан қаржыны алу үшін банк жағалап, сабылудың қажеті жоқ.

Бірыңғай оператор болып саналатын Отбасы банктің басшысы Ләззат Ибрагимова осылай деді. Сонда бұл процесс қалай жүзеге асады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы үлескерлік құрылысқа салуға берілмейді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфириндегі хабарда сарапшылар мәлімдеді. Себебі құрылыс компанияларының экономикалық тәуекелдерге төзімсіз болуы мұндай шараны қабылдауға мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Мамандар елде үлескерлік құрылысқа қаржысын салып, не ақшасыз не баспанасыз қалғандардың саны онсыз да көп дейді. Жаңа баспана құрылысы тек қазақстандық ипотекалық компания арқылы берілуі мүмкін. Себебі аталмыш институт құрылыстың аяқталуына кепілдік береді. Бұл орайда Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығы болса енді жаңа пәтерлерге сұраныс артып, олардың бағасы қымбаттауы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Asiacredit Bank шатқаяқтап тұр

Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің тағы біреуі лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады. Мәліметтерге қарағанда агенттік қаржы ұйымына тұтынушылардың алдындағы барлық міндеттемені 25 желтоқсанға дейін өтеу туралы шарт қойған. Азия кредит банктің ахуалы нашарлады. Қазір қаржы ұйымының тұтынушыларға қызмет көрсетуіне шектеу салынған. Мұндай шешімге салымшылардың банктен қаржысын жаппай шешіп алуы және есепсіз несиелеу әрекеттер себеп болды. Бұған дейін елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк акционерлеріне 25-ші желтоқсанға дейін тұтынушылар алдындағы міндеттерін толық орындауды тапсырған. Осыдан кейін қаржы ұйымы несиелік портфелін өтеу үшін жұмысты күшейтіп, 6 миллиард теңге қаржы тартты. Сондай-ақ акционерлер еебінен 5 миллиард теңге құйылды. Десе де бұл қаржы ұйымының міндетемелерін толық орындауға мүмкіндік бермей тұр. Ал агенттік банктің әрбір әрекетін бақылауда ұстап отыр және талаптарды орындау мерзімін ұзартпайтынын ескертті.

Qazaq Bank салымшыларына қаржысын төлеу мерзімі ұзарды

Qazaq Banki-нің салымшыларына қаржыны қайтару мерзімі келер жылдың 24 сәуіріне дейін ұзарды. Қазақстан депозиттеріне кепілдік беру қорының басшылары осындай шешім шығарды. Бүгінге дейін банктің салымшылар алдындағы берешегінің 99 проценті өтелді. Яғни екі жылда банк-агент Qazaq Bankінің алты мыңдай салымшысына 20,3 миллиард теңге төледі. Десе де бұл барлық салымшылардың 33 проценті ғана. Енді Qazaq Banki-нің қалған салымшылары банк агентке келіп, өтініш жазу арқылы өз ақшасын ала алады.

Еске сала кетейік, кепілдік беру қоры ұлттық валютада сақталған депозиттердің 10 миллионға дейінгі сомасын шет ел валютасында сақталған депозиттің 5 миллион теңгесін қайтарып береді. Qazaq Bank 2018 жылдың тамызында лицензиясынан айырылған еді.

Автокөлік құны екі есе өсті

Кейінгі алты жылда елде автокөлік құны екі еседен астам қымбаттады. Бұл туралы Қазақстан автокөлік саласындағы компаниялар одағы жариялады. Сарапшылардың айтуынша, биылғы 10 айда темір тұлпардың орташа құны 10 жарым миллион теңге болды. Оның ішінде импорттық көлік 13 жарым миллион, Қазақстанда жасалғандар 7 жарым миллион теңгені құраған. Салыстыру үшін айтайық, 2014 жылы жаңа көліктердің орташа бағасы 4 миллион 900 мың теңге болған еді. 2017 жылы 6 жарым миллион болды. Араға үш жыл салып 10 миллионнан асып тұр.

Темір тұлпар құны шарықтап барады. Ал шана ше? Қыс келіп қар түскенде бұл да бала таситын қатынас құралына айналады. Сұранысы артады. Бүгін нарықтағы баға айдарында шананың өңірлердегі құнына шолу жасаймыз.

Қазақстан бойынша шана ең арзан өңір – Тараз. Шаһар базарларында оның бағасы 10 мың теңгеден басталады. Ал Көкшетауда мың теңгеге қымбатырақ. Павлодарда баға осыған ұқсайды. Яғни 11 мың теңге шамасында. Қыс мезгілінде балаға үлкен базарлық болатын шананы Талдықорғанда 12 мыңнан алуға болады. Ақтауда 3 мың теңге артық төлейсіз. Елордада шананың бағасы 15 мың шамасында.

Енді валюта бағамына тоқталсақ, Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 421теңге 43 тиын Еуро 513 теңге 83 тиын ал Ресей рублі 5 теңге 59 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы