418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кинотеатрлардың ашылуы. Билет қымбаттады ма?

  • 312
  • UPD: 16:15, 26.12.2020

Киносүйер қауым үшін жағымды жаңалық.

Бүгін елордада 9 ай мәжбүрлі үзілістен кейін кинотеатрлар жұмысын қайта жандандырды. Ендігі жұмыс істеудің талабы қандай болмақ? Билет қымбаттады ма?

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- 9 ай бойы есігі құлыптаулы болған кинотеатрлардың жұмысы бүгін қайта жанданды. Көшеде алып баннерлер, ал іште санитайзерлер тұр. Сондай-ақ әр адамның дене қызуы жіті тексеріледі. Маскасы жоқтарды зал түгілі маңына да жолатпайды.

Залда екі метрлік арақашықтықты айтпағанда, адам саны жалпы сыйымдылықтың 30%-інен аспауы тиіс. Жасыратыны жоқ, көрермен де көп емес. Мына залға небәрі 4 адам келген. Оларды 9 ай тұралағандар құшақ жайып қарсы алуға әзір.

Ируте Мелишенко, кинотеатр қызметкері:

- Өте қатты сағындым. Мен өзі адамдармен сөйлескенді, танысқанды ұнатамын. Осы жерде тұрақты клиенттерім бар еді. Олар да мені білетін. Сәл мұңайсам, «Ируте, саған не болды, көңіл-күйің жоқ қой?», - деп, қалымды біліп тұратын.

Аталған салада барлығының 9 ай бойы көңіл-қошы болмағаны рас. Десе де, дәл осы кинотеатрдан тек бір адам жұмыстан өз еркімен кетіпті. Қалғандары қаз қалпында жұмысқа шыққан.

Роман Соколов, кинотеатр директоры:

- Барлығы өз мүмкіндігінше ақша табу жолын іздеді. Мысалы, мен біраз уақыт такси қызметін атқардым. Бірақ барлығы хабарласып, кинотеатрлар ашылғанын күтеміз деп қолдау білдіріп тұрды.

Залды тек 30%-ке толтыру бұрынғыдай көл-көсір пайда бермейді. Бірақ мүлде істемей қалғаннан гөрі әлдеқайда жақсы.

«Осы себепті билет құны да 20-30%-ке қымбаттауы мүмкін», - дейді мамандар. 

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Асхат Ниязов, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы