Бүгін Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары «қызыл аймаққа» енді. Бұған дейін бұл аймақта тек Атырау өңірі болған.
Ал «сары аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Осы ретте Қазақстанның мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.
Жаңа ережеге сәйкес, үшінші тоқсанда 9, 11 және 12-сыныптарға пәндердің 70%-ін штаттық режимде, ал 30%-ін қашықтан оқытуға рұқсат етіледі. Жаңа жылдық ертеңгілік және мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Сондай-ақ демалу орындарында қорқор қолдануға рұқсат жоқ. Медициналық мекемелер мен балалар үйлерінде карантин тәртібі сақталады.