421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады – ҚР СІМ

  • 315
  • UPD: 13:08, 29.12.2020
Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады – ҚР СІМ

Қазақстанның Мәскеудегі дипломаттарының Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ресейдің Оқу-ағарту министрлігінің, ресейлік жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен өткізген келіссөздерінің қорытындылары жарияланды.

Ресей тарапы қазіргі уақытта эпидемиялық жағдайға байланысты Ресейге баруға мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттер қашықтан оқи алады деп сендірді. Атап айтқанда, Ғылым және жоғары білім министрлігі ресейлік университеттерді жеке оқу жоспарларын жасауға немесе академиялық демалыс беруге шақырды.

Сондай-ақ қашықтан оқу форматына көшуге байланысты оқудан ешкім шығарылмайтын атап өтілді. Оқу бітірген кезде Ресейге кіре алмайтын түлектер үшін дипломдық жұмыстарды қашықтан қорғау қарастырылған.

«Ресей тарапымен Ресейге келген қазақстандық студенттерге коронавирусқа ПТР-тестілеуін ұйымдастыру және 14 күндік карантиннен өту үшін жатақханаларда орындарды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.

Біздің елшілік қазақстандық студенттермен болған жағдайды бақылауда ұстауда, жұмыс жалғасуда. Қазақстандықтарды оқудан шығаруға байланысты мәселелер туындаған жағдайда олар жеке тәртіппен қаралатын болады», - деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Хабар 24 телеарнасы