Дебатты «Хабар» агенттігі ұйымдастырды. Пікірсайыс тікелей эфирде өтті.
Сайлауға қатысатын бес бірдей партия осы күні өз серкелерін анықтап үлгерген.
Ал трансляция телеарнаның ресми YouTube-аккаунты мен сайтынан көрсетілді.
Телевизиялық пікірсайысқа қатысқандар:
1) ADAL саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы;
2) AQ JOL Қазақстанның демократиялық партиясынан – партия төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы;
3) «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясынан – партия төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;
4) Қазақстан Халық партиясынан – партия төрағасы Қоңыров Айқын Ойратұлы;
5) Nur Otan партиясынан – партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы.