429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс жұмыстары кезінде төрт адам қаза тапты

  • 504
  • UPD: 09:11, 31.12.2020
Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс жұмыстары кезінде төрт адам қаза тапты Иллюстративті фото

30 желтоқсанда 21 сағат 21 минутта (Ақтөбе уақыты бойынша) Хромтау ауданының өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде төрт жарушының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнында барлау жүргізу кезінде 1 зардап шегуші және 4 адам қаза тапқаны анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушіні медициналық қызмет қызметкерлері тексеріп жатыр, оқиғаның себебі анықталуда.

Оқиға орнына жедел түрде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты.

Хабар 24 телеарнасы