Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі өз әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальді бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста желдің күшеюі күтіледі.