Елімізде аяз қашан сынады

Қазгидромет алдағы үш күнде ауа температурасының жоғарылауы күтілетіндігін хабарлады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон жырасы әсер ететін болады. Осыған байланысты еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасының оң көрсеткіштерге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың басым бөлігінде жаяу бұрқасынмен қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.