Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Осы сәттерде елімізде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Парламенттің VII шақырылымы екен. Биыл 5 саяси партия бәсекеге түсіп жатыр. «Қазақстанның халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақжол» және «Адал» партиялары атынан 312 үміткер тіркелген. Бұл сайлау мерзімінен бұрын емес, конституциялық дер шағында өтіп жатыр. Яғни қолданыстағы шақырылымның құзіреті 2 айдан кейін аяқталуы керек. Тарихқа көз жүгіртсек, 2007 жылдан бері төменгі палатада 107 депутат бар. Олардың 98-і партиялық тізім бойынша іріктелсе, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өтеді. Мәжіліс депутаттарының мандаты 5 жылға жарамды. Бүгінгі сайлау дәстүрлі форматта өтеді. Ал мәслихат депутаттарын жергілікті халық таңдайды.