426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы 10%-ке әлсіреді

  • 458
2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы 10%-ке әлсіреді toppress.kz

2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін әлсіреді.

2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасының өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1,0%-ке нығаюына мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді. Мәселен, Бразилия реалы 29,0%-ке, түрік лирасы 25,0%-ке, ал Ресей рублі 19,3%-ке әлсіреді. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін, 10,0%-ке әлсіреді.

Cыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің арқасында теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапқанын атап өту маңызды.

Биылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды.

Хабар 24 телеарнасы