COVID-19: Қазақстан «сары аймаққа» енді

Соңғы айда елімізде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалып отыр.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

«Қазақстан жасыл аймақтан сары аймаққа ауысты. Сары аймақтан қызыл аймаққа екі облыс – Қостанай және Ақмола облыстары ауыстырылды. Қазіргі таңда сары аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, СҚО, Павлодар, Атырау облыстары бар. Сондай-ақ қаңтар айында БҚО жасыл аймақтан сары аймаққа көшті. Қалған өңірлер жасыл аймақта», - деді.