420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты

  • 344
  • UPD: 10:53, 15.01.2021
Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты Inbusiness.kz

Елордада жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясы өтіп жатыр.

Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Сессияны ашқан Президент өткен шақырылымның депутаттарына алғыс айтып, алда зор міндеттер күтіп тұрғанын тілге тиек етті.

«Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бес жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.

Қазақстан Президенті: Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым жемісті жұмыс істеуі қажет. Себебі, бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп тұр», – деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы