Асқар Мамин премьер-министр болып қайта тағайындалды

Асқар Мамин Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Бүгін жетінші шақырылған Парламент Мәжілісінің отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жетекшілігіне бұған дейін де осы қызметті атқарып келген Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беруге төменгі палатаның 99 депутаты қатысты. Соның 78-і Мемлекет басшысының ұсынысын қолдады. 21 депутат қалыс қалды.  

Осыдан соң Қ.Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.