Нұр-Сұлтан мен он бір облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Ертең 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді. 

Ақпаратқа сәйкес, ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Сондай-ақ 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Ал Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрден астамға жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяз болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады.

Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады.

17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі.

Маңғыстау облысында да тұман болады.

17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.

Сондай-ақ...