Елорда мен төрт облыс «қызыл аймақта» тұр

Еліміздің 4 өңірінде коронавирус күш алып тұр. Олар Ақмола, Павлодар, Қостанай және  Атырау облыстары.

Осы себепті аталған аймақтарда қауіптіліктің «қызыл түсі» енгізілді. Бұл қатарда Нұр-Сұлтан қаласы да бар. Ал Алматыда керісінше індеттің таралу қарқыны бәсеңдеп,  эпидтүс «жасылға» өзгерді. 

Алматы облысы, Солтүстік және Батыс  Қазақстан «сары аймақ» саналады. Бүгін бұл тізімге Қарағанды облысы қосылды.