Зейнетақы жинақтарын алуға өтінім қабылдау басталды

Бүгінен бастап отандастарымыз зейнетақының бір бөлігін өз қажетіне жұмсай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін арнайы сайт іске қосылды. Сол порталға онлайн өтінім беруге болады. Бірақ ол үшін міндетті түрде электронды қолтаңба болу керек. Сол арқылы сайтқа кіріп, қаражатты қай мақсатқа жұмсайтыныңызды көрсетесіз. Сосын сіздің өтінішіңізді зенйнетақы қорына жібереді. Ол жақта бес күн қаралады. Мақұлданса, «Отбасы банктен» немесе екінші деңгейлі басқа банктерде ашылған шотқа ақшаңызды аударып береді. Бірақ мынаны ескеріңіз, егер сіз қажет құжаттарды 45 күннің ішінде жинап, қаражатты осы аралықта жұмсап үлгермесеңіз, қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын қайтарып алады.