419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Депутаттар зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынды

  • 471
  • UPD: 16:57, 27.01.2021
Депутаттар зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынды Zakon.kz

«Көптеген қазақстандықтың табысы аз, салдарынан зейнетақы жинақтары жеткіліксіз». Бүгін Мәжілісте осылай деген депутат Александр Милютин бұрынғы ынтымақтастық жүйесіне оралуды ұсынды.

Ол азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау керектігін жеткізді. Яғни ер мен әйелдерге арналған тиісті меже 60 жасқа дейін төмендетілуі керек. Зейнетақы төлемдерін есептегенде жылдық инфляция, жалақы мөлшері және азық-түлік бағасын ескерген жөн дегенді алға тартады депутат. Елде бес жылдан бері зейнетақы қорына түсетін жарна көлемі азайып келеді. Көрсеткіш осы аралықта 17 миллиард теңгеге кеміген.

Хабар 24 телеарнасы