Қазақстанда бес вице-министрдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Сондай-ақ 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарлары, квазимемлекеттік ұйымдардың менеджерлері де күдікке ілінген. Ал былтыр түрлі деңгейдегі басшылық лауазымды атқарған 210 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың жолы кесілген. 112 жемқорлық әрекеттің беті ашылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша 4 іс сотта қаралып жатыр дегенді алға тартты агенттік төрағасы.