Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті

«Хабар» Агенттігінің ұжымы мен басшылығы белгілі журналист, Informburo.kz басылымының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Михаил Викторович нағыз кәсіби маман, құрметті әріптес, ақылды тәлімгер бола білді.

Қазақстандық журналистиканың ең көрнекті өкілінің дүниеден өткеніне қатты қайғырамыз.

Ол туралы жақсы естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.