417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

  • 320
  • UPD: 15:03, 31.01.2021
Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді фото: ҚР ДСМ

1 ақпан, яғни ертеңнен бастап елімізде коронавирусқа қарсы екпе егу шарасы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей Федерациясымен жасалған келісім негізінде «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді.

Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені ресейлік екпенің 112 мың дозасын, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың доза препарат шығаратын болады.

Сонымен бірге сәуірден бастап 75 мың доза көлемінде отандық QazCovid-in вакцинасы қолданысқа енгізіледі. Оның өндіріс көлемін 500 мыңға жеткізу жоспарда бар.

Еске салайық, Мемлекет басшысы халықты ерікті түрде вакцинациялауды ақпаннан бастауды тапсырған болатын. Коронавирусқа қарсы екпені ең алдымен медицина қызметкерлері, полицей, педагог және әскери қызметкерлер алады.

Хабар 24 телеарнасы