Бүгін Қазақстанда халықты жаппай вакциналау жұмысы басталады

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V-мен» жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуін тапсырғаны жайында айтқанбыз.

Премьер-министр өңірлердің әкімдеріне эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда алдын ала шектеу шараларының жоспарын әзірлеуді, халық пен бизнес субъектілерінің белгіленген санитариялық нормаларды қатаң сақтауын қамтамасыз етуді, бір апта мерзімде инфекциялық стационарлар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында жеке қорғаныш құралдары мен коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек қорларына тексеріс жүргізуді баса айтты. Келесі жаңалықтарда вакциналау барысынан ақпарат ұсынатын боламыз.

Сондай-ақ...