Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен енді сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күндері де жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Түнгі он бірге дейін келушілерге қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктер жексенбі күні де жолаушы тасымалдайды. Фитнес-орталықтардың қызметіне шектеу қойылмайды. Тек адамдар санын ескеруі керек. Орталықты лық толтыруға болмайды. Қоғамдық тамақтану орындары түнгі он екіге дейін келушілерді қабылдай алады. Тек 30 адамнан артық отыруға болмайды.